Өңірлер

Қостанайда азық-түлікке шекті баға енгізілді

Жергілікті билік енді тауық етіне де шекті баға енгізеді. Осы аптадан бастап оның келісі 890 теңгеден аспауы керек.
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Қостснайда азық-түлік бағасын негізсіз көтерген алты сауда орны анықталды, деп хабарлады Хабар 24.
Сауда нысандары күріш, жылқы еті, күнбағыс майы сияқты әлеуметтік тауар құнын 15 процентке дейін көтерген.
Құс етін тасымалдаушылар да тауардың көтерме бағасын негізсіз жоғарлатқаны әшкереленді. Қымбатшылықты қолдан жасағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту алды.
Жергілікті билік енді тауық етіне де шекті баға енгізеді. Осы аптадан бастап оның келісі 890 теңгеден аспауы керек. Сәбіз, картоп, пияз және нан бағасы да бақылауға алынады.
"Нан бағасы 90 теңгеден аспайды. Қаладағы наубайханалармен осындай келісім жасалған. Ұнды нан пісірушілер тұрақтандыру қорынан алады. Онда халыққа арзан сатылатын өнімдердің он төрт түрі бар", - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Жанар Балтабаева.
Оқи отырыңыз: Азық-түлікке жұмсалатын қаражатты қалай үнемдеуге болады – диетолог кеңесі