Қоғам

Азық-түлікке жұмсалатын қаражатты қалай үнемдеуге болады – диетолог кеңесі

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуАрхивное фото ребенка в гипермаркете
Архивное фото ребенка в гипермаркете - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2021
Жазылу
Өнімнің құрамы түсінікті, жарамдылық мерзімі ұзақ болуға тиіс. Қаптаманы, тауардың жағдайын анықтап қарау керек, деді маман

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Денсаулыққа зиян келтірмей, азық-түлік алған кезде қаражат үнемдеуге болады. Мұның жолын диетолог дәрігер, гастроэнтеролог Маргарита Арзуманян Sputnik радиосына берген сұхбатында бөлісті. 

Оның айтуынша, бірінші кезекте сауда желісінің өзінің маркасымен тұрған өнімдерді таңдау керек. 

"Сауда желісінің өзінің тауарлары бренд өнімдерге қарағанда арзанырақ. Тауар арзан болса, сапасыз деген сөз емес. Өйткені өндіруші өнімді үлкен көлемде алады, оның үстіне жарнамаға ақша жұмсалмайды. Сондықтан қымбат болмайды", – деді Маргарита Арзуманян.

Маманның сөзіне қарағанда, сауда желісінің тауары мен бренд маркасымен сатылатын өнімдердің айырмашылығы жоқ.

"Масс-маркет сөмкесі мен брендтік сөмкенің функциясы бір, бірақ біз өзімізді жақсы сезіну үшін көбірек ақша төлеп, бренд тауар аламыз. Азық-түлікке келгенде де дәл солай. Менің ойымша, сауда желісі шығарған тауарды алған кезде біраз қаражат үнемделеді", – деді Маргарита Арзуманян.

Алайда өнімнің құрамына назар аударуды ұмытпау керек. 

"Тауар сауда желісінікі болса да, брендтік өнім болса бәрібір. Құрамы түсінікті, жарамдылық мерзімі ұзақ болуға тиіс. Қаптаманы, тауардың жағдайын анықтап қарау керек", – деді маман.

Жаңалықтар
0