https://sputnik.kz/20220118/kostanay-azyk-tulik-baga-19162595.html
Қостанайда азық-түлікке шекті баға енгізілді
Қостанайда азық-түлікке шекті баға енгізілді
Sputnik Қазақстан
Жергілікті билік енді тауық етіне де шекті баға енгізеді. Осы аптадан бастап оның келісі 890 теңгеден аспауы керек. 18.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-18T07:46+0500
2022-01-18T07:46+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
азық-түлік
қостанай
баға
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/18/18977882_10:0:2992:1686_1920x0_80_0_0_5bc546d9287c1e073b2ba017b753bd2e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Қостснайда азық-түлік бағасын негізсіз көтерген алты сауда орны анықталды, деп хабарлады Хабар 24.Сауда нысандары күріш, жылқы еті, күнбағыс майы сияқты әлеуметтік тауар құнын 15 процентке дейін көтерген.Құс етін тасымалдаушылар да тауардың көтерме бағасын негізсіз жоғарлатқаны әшкереленді. Қымбатшылықты қолдан жасағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту алды.Жергілікті билік енді тауық етіне де шекті баға енгізеді. Осы аптадан бастап оның келісі 890 теңгеден аспауы керек. Сәбіз, картоп, пияз және нан бағасы да бақылауға алынады."Нан бағасы 90 теңгеден аспайды. Қаладағы наубайханалармен осындай келісім жасалған. Ұнды нан пісірушілер тұрақтандыру қорынан алады. Онда халыққа арзан сатылатын өнімдердің он төрт түрі бар", - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Жанар Балтабаева.Оқи отырыңыз: Азық-түлікке жұмсалатын қаражатты қалай үнемдеуге болады – диетолог кеңесі
қостанай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/18/18977882_160:0:2842:1686_1920x0_80_0_0_337b9eec0a2e51d62efc6859977a382b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азық-түлік, қостанай, баға
азық-түлік, қостанай, баға
Қостанайда азық-түлікке шекті баға енгізілді
07:46 18.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Жергілікті билік енді тауық етіне де шекті баға енгізеді. Осы аптадан бастап оның келісі 890 теңгеден аспауы керек.
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Қостснайда азық-түлік бағасын негізсіз көтерген алты сауда орны анықталды, деп хабарлады
Хабар 24.
Сауда нысандары күріш, жылқы еті, күнбағыс майы сияқты әлеуметтік тауар құнын 15 процентке дейін көтерген.
Құс етін тасымалдаушылар да тауардың көтерме бағасын негізсіз жоғарлатқаны әшкереленді. Қымбатшылықты қолдан жасағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту алды.
Жергілікті билік енді тауық етіне де шекті баға енгізеді. Осы аптадан бастап оның келісі 890 теңгеден аспауы керек. Сәбіз, картоп, пияз және нан бағасы да бақылауға алынады.
"Нан бағасы 90 теңгеден аспайды. Қаладағы наубайханалармен осындай келісім жасалған. Ұнды нан пісірушілер тұрақтандыру қорынан алады. Онда халыққа арзан сатылатын өнімдердің он төрт түрі бар", - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Жанар Балтабаева.