Қоғам

Тоқаев Самат Әбішті қызметінен босатты

Бұған дейін Самат Әбіш жыл сайынғы еңбек демалысына шыққаны хабарланды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. 
"Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды", - деп хабарлайды Ақорда. 
Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Самат Әбіш өз қызметінде екенін, 13 қаңтардан бастап жыл сайынғы еңбек демалысына шыққанын мәлімдеген еді. 
6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. 13 қаңтарда оның орынбасары Әнуар Садықұловтың ұсталғаны белгілі болды.  
43 жастағы Самат Әбіш – Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. Самат Әбіш ҰҚҚ бірінші орынбасары болып 2015 жылдан бері қызмет етті. Генерал-лейтенант шені бар.