Әскери шолушы: Қазақстандағы бүлік ҰҚШҰ елдеріне сабақ болуы керек

Қаңтардың басындағы террористік шабуыл кезінде Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің үлкен әлеуеті қауіпке тиісті деңгейде төтеп бере алмады.
Sputnik
Оған ҰҚШҰ мен НАТО форматындағы бір уақыттағы әскери ынтымақтастықты, Ауғанстан, Ирак, Сирияда соғысқан жихадшылардың жасырын әрекет етуші ұяшықтарын жете бағаламауды негізгі себеп деп атауға болады.
Наразылық білдірушілердің ұйымдастырылуы, логистикасы мен жедел үйлестірілуі шетелдік қаражаттың тартылғанын және батыстағы арнайы қызмет қатысқанын аңғартып тұр. Батыстағы БАҚ-тың осы оқиғаға қатысты жазылған ақпарат Женевада қауіпсіздік жөніндегі келіссөз қарсаңында Мәскеуге қосымша қысым көрсету үшін Ресей шекарасына жақын жерде "екінші Майдан" ұйымдастыруға америкалықтардың қатысы бар деп болжауға негіз болып отыр.
Қаңтар оқиғасы
Песков ҰҚШҰ әскерінің Қазақстаннан шығарылуына қатысты пікір білдірді
Америкадағы Breaking Defense басылымы 7 қаңтарда "Қазақстандағы көтеріліс Ресейдің Украинаға қатысты жоспарын өзгертуге мәжбүрлеп отыр" деген пікір жазды. Қазақстан әлемдегі уранның 40%-ін өндіретіні, ал АҚШ Қазақстан экономикасындағы өндіруші салаға үлкен қаражат салғаны "наразылықтардың жеделдігіне" түсініктеме беріп отырған болар. Ауғанстанда жеңіліс тапқан АҚШ пен НАТО кезекті жоспарға тез арада көшуі керек болды.
"Әл-Жазира" да "Қазақстан Украинадан бөлек Ресейге қарсы екінші майдан шебіне айналуы керек еді, бірақ енді америкалық ықпалдан босатылып жатыр" деп жазды.
Өткен жеті тәуліктегі жағдайдың қалай өрбігені БАҚ-та тәптіштеп айтылды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, дүйсенбіде Алматыда 4-8 қаңтарда мегаполистегі тәртіпсіздікке қатысқан екі экстремистік топ мүшелері құрықталды. Олар Қазақстан азаматтары және шетелдіктер екені анықталды. Тінту кезінде оқ ататын қарулар, граната, оқ-дәрі, діни әдебиет тәркіленді. Республика аумағында жедел-тергеу шаралары әлі жалғасып жатыр.
Саясат
ҰҚШҰ әскерлері міндетін орындағаннан кейін Қазақстаннан шығарылады – Путин
10 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ отырысында содырлар тәртіпсіздік кезінде екі әскери қызметкердің басын шапқанын мәлімдеді. Бұл кез келген адамның қолынан келетін іс емес екені белгілі.
Біраз бұрын бүлікшілер Алматыдағы халықаралық әуежайды және бірнеше ұшақты басып алғаны, полиция бөлімшелері мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, шекара әскері академиясы мен әкімдік ғимараттарына шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады. Аяусыз әрекеттері жаға ұстатады. Бұл бейбіт шеруге шығып, халық талабын қоюды көздеген жоспарға мүлде ұқсамайды. "Кәсіби революционерлерге" төңкеріс үшін ақы төленгені анық.
Қазақстан президенті Тоқаев елдегі ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция террористердің дайындығын аңғармағанына наразылық танытты. Қазақстандық жедел әрекет ету жасақтары бүлікшілерден қаланы арашалап қала алмады. 5 қаңтардан бастап елде төтенше жағдай режимі енгізілді және 7 қаңтарда "Антитеррор" операциясы басталды.
ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, үш жылдық (2020-2022 жылдарға арналған) бюджет 961 миллиард теңгені (2,55 миллиард доллар) құрап отыр және ол әскер мен қарулы күштердің қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті. Алайда ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі дағдарысқа не себеп?
ҚР армиясы мен басқа да күш құрылымдарына арналған офицер кадрлары ұзақ жылдар бойы Ресейде, НАТО елдерінде дайындықтан өткен. Ал әскери құрылымның мұндай жүйесі штабтардағы түрлі векторлы тактикаға, соғыс алаңындағы келіспеушілікке алып келеді. Сондықтан ресейлік, италиялық, түрік және америкалық әскери мектепте дайындалған Қазақстан офицерлерінің жедел өзара әрекеттесуін елестету қиын.
Қоғам
Қазақстанда бүлікке қатысқан топтың ҰҚШҰ елдері аумағына өту қаупі бар
Сол себепті Қазақстанның НАТО және біруақытта ҰҚШҰ аясында әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық жүргізуі 2022 жылдың басында елде болған оқиғалар кезінде әрекет етуге біршама кедергі келтіргенін және ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіргенін аңғартып отыр.
Әскери шолушы Александр Хроленконың телеграмм-каналы.