Қоғам

Қазақстанда бүлікке қатысқан топтың ҰҚШҰ елдері аумағына өту қаупі бар

© AP Photo / Vladimir TretyakovПротестующие и полиция в центре Алматы, Казахстан, в среду, 5 января 2022 г.
Протестующие и полиция в центре Алматы, Казахстан, в среду, 5 января 2022 г. - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2022
Жазылу
Yandex newsTelegram
Жапаровтың сөзінше, Қазақстанда қалыптасқан жағдай ҰҚШҰ алдына елдегі тұрақтылықты қалпына келтіру міндетін жүктеп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Қазақстандағы бүлікке қатысқан лаңкестердің ҰҚШҰ елдері аумағына өтуі қауіпі бар, деді Қырғызстанның миниситрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров.
"Келіп жатқан ақпаратқа қарағанда атыс қаруының көп бөлігі криминалдық топтардың қолына түскен. Бүлікші топтың шекара арқылы көрші елдердің аумағына өту қауіпі бар", - деді ол.
Жапаровтың сөзінше, Қазақстанда қалыптасқан жағдай ҰҚШҰ алдына елдегі тұрақтылықты қалпына келтіру міндетін жүктеп отыр.
Бұған дейін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ҰҚШҰ-ның оңтүстік шекарасында лаңкестерді дайындайтын 40-тан астам лагерь барын мәлімдеді.
"Мен бұған дейін біздің елдерде халықаралық терроризм, экстремизм мен діни радикализмнің ұйқыдағы ұяшықтары барын бірнеше рет айттым. Біздің арнайы қызметтердің мәліметінше, ҰҚШҰ-ның оңтүстік шекарасында, Ауғанстанның солтүстік-шығыс провинцияларында террористерді дайындайтын 40 астам лагерь мен орталық бар. Ал ондағы содырлардың саны 6 мыңнан асады",- деді Рахмон ҰҚШҰ елдері лидерлерінің онлайн саммитінде.
Қазақстанда жаппай наразылық 2022 жылдың алғашқы күндері Жаңаөзен мен Ақтау қаласында басталған болатын. Кейін басқа қалалардың тұрғындары да наразылық шеруіне шыға бастады.
Алматы қаласында наразылық білдіру акциясы кезінде содырлар ғимараттар мен мемлекеттік мекемелерге шабуыл жасап, арты үлкен бүлікке ұласты. Елде 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай енгізілді.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0