https://sputnik.kz/20220111/putin-baspasoz-khatshysy-19118353.html
Песков ҰҚШҰ әскерінің Қазақстаннан шығарылуына қатысты пікір білдірді
Песков ҰҚШҰ әскерінің Қазақстаннан шығарылуына қатысты пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
ҰҚШҰ әскерлерін шығару процесі екі күннен кейін – 13 қаңтарда басталады, ол шара 10 күннен аспайды, деді Тоқаев мәжіліс отырысында 11.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-11T18:20+0500
2022-01-11T18:20+0500
2023-08-10T12:14+0500
ұқшұ
владимир путин
қазақстан
қаңтар оқиғасы
әскери қызметкер
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0b/19114321_12:0:1228:684_1920x0_80_0_0_608850b9b32a60ad3c82b14e8c67ba4a.jpg
АЛМАТЫ, 11 қаңтар – Sputnik. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҰҚШҰ бітімгерлерін шығару мерзімі туралы айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді. Ол бұл шешімді қабылдау Нұр-Сұлтанның құзыретінде екенін, Ресейдің араласуға құқығы жоқ екенін мәлімдеді.Бүгін Тоқаев мәжілістің жалпы отырысында ҰҚШҰ бітімгерлерін елден шығару 13 қаңтарда басталатынын айтты. Процесс 10 күннен аспайды. ҰҚШҰ бітімгерлері күшінің негізгі миссиясы сәтті аяқталды.ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась Қазақстанда 2 500-ге жуық бітімгер болатынын айтты.Айта кетері, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы бағасының көтерілуіне байланысты митингке шықты. 3 қаңтарда митингілер бірден бірнеше аймақта басталды. Наразылық акциясына мұнай өндіруші кәсіпорындардың вахталық қызметкерлері қосылды. 4 қаңтарда елдің бірнеше қаласында жаппай тәртіпсіздіктер басталып, жоюлар басталды.5 қаңтарда Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдерге республикадағы жағдайды шешуге көмек сұрап жүгінді.Сол күні Үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағалары реттеу бойынша шаралар қабылданды. Алайда тәртіпсіздіктер күшейе түсті. Ең көп Алматы зардап шекті. Тәртіпсіздікке қатысушылар әкімдікті өртеп, президент резиденциясына шабуыл жасады, дүкендерді, сауда ойын-сауық орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратқан.Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген залал 95 миллиард теңгеден асты. Зардап шеккендер саны нақтыланып жатыр.6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Сол күні ҰҚК Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі бойынша мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҰҚК-нің жаңа басшысы Ермек Сағымбаев болды.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0b/19114321_164:0:1076:684_1920x0_80_0_0_3266a30ddae5ed7940c3319f1f087fe0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ, владимир путин, қазақстан, әскери қызметкер
ұқшұ, владимир путин, қазақстан, әскери қызметкер
Песков ҰҚШҰ әскерінің Қазақстаннан шығарылуына қатысты пікір білдірді
18:20 11.01.2022 (жаңартылды: 12:14 10.08.2023) ҰҚШҰ әскерлерін шығару процесі екі күннен кейін – 13 қаңтарда басталады, ол шара 10 күннен аспайды, деді Тоқаев мәжіліс отырысында
АЛМАТЫ, 11 қаңтар – Sputnik. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҰҚШҰ бітімгерлерін шығару мерзімі туралы айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді. Ол бұл шешімді қабылдау Нұр-Сұлтанның құзыретінде екенін, Ресейдің араласуға құқығы жоқ екенін мәлімдеді.
Бүгін Тоқаев мәжілістің жалпы отырысында ҰҚШҰ бітімгерлерін елден шығару 13 қаңтарда басталатынын айтты. Процесс 10 күннен аспайды. ҰҚШҰ бітімгерлері күшінің негізгі миссиясы сәтті аяқталды.
ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась Қазақстанда 2 500-ге жуық бітімгер болатынын айтты.
Айта кетері, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы бағасының көтерілуіне байланысты митингке шықты. 3 қаңтарда митингілер бірден бірнеше аймақта басталды. Наразылық акциясына мұнай өндіруші кәсіпорындардың вахталық қызметкерлері қосылды. 4 қаңтарда елдің бірнеше қаласында жаппай тәртіпсіздіктер басталып, жоюлар басталды.
5 қаңтарда Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдерге республикадағы жағдайды шешуге көмек сұрап жүгінді.
Сол күні Үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағалары реттеу бойынша шаралар қабылданды. Алайда тәртіпсіздіктер күшейе түсті. Ең көп Алматы зардап шекті. Тәртіпсіздікке қатысушылар әкімдікті өртеп, президент резиденциясына шабуыл жасады, дүкендерді, сауда ойын-сауық орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратқан.
Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген залал 95 миллиард теңгеден асты. Зардап шеккендер саны нақтыланып жатыр.
6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Сол күні ҰҚК Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі бойынша мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҰҚК-нің жаңа басшысы Ермек Сағымбаев болды.