Әлем

Мәскеу тұрғыны маска киюді талап еткен екі адамды атып өлтірді

Алдын ала мәлімет бойынша трагедиямен аяқталған қақтығысқа "маска ки" деген талап себеп болған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Мәскеуде халыққа әртүрлі мемлекеттік қызмет көрсететін "Рязаньский" көпфункционалды орталығында қайғылы оқиға болды. Алдын ала мәлімет бойынша екі адам қаза тапқан.
Оқ атқан адам ұсталды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол бұрынғы әскери қызметкер Сергей Глазов болып шықты.   
Трагедиямен аяқталған жанжал "маска ки" деген талаптан басталғаны белгілі болды.
Mash Telegram арнасының хабарлауынша, ер адам орталыққа келіп, бірден оқ жаудыра бастаған.
Қазіргі уақытта екі адам өлгені белгілі болды: әкімші Владимир Шмелев пен күзетші Алексей Резвлев оққа ұшты.
Үш адам жарақат алды, зардап шеккендердің арасында бір бала бар.
Оқи отырыңыз: Екеуі полицей – Алматы тұрғыны 5 адамды атып тастады 
Қанды оқиға кезінде орталық қызметкерлері келушілермен бірге кабинеттерге жасырынған. Куәгерлердің бірінің айтуынша, атыс тоқтаған кезде қызметкерлер мен келушілер ғимараттан шығарылған. Қазіргі уақытта орталық маңы қоршауға алынды, деп жазды Baza Telegram-арнасы.