https://sputnik.kz/20211207/Maskeu-maska-adam-18849317.html
Мәскеу тұрғыны маска киюді талап еткен екі адамды атып өлтірді
Мәскеу тұрғыны маска киюді талап еткен екі адамды атып өлтірді
Sputnik Қазақстан
Алдын ала мәлімет бойынша трагедиямен аяқталған қақтығысқа "маска ки" деген талап себеп болған 07.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-07T18:53+0500
2021-12-07T18:53+0500
2022-02-01T13:05+0500
әлем
ресейде
https://sputnik.kz/img/430/44/4304491_0:213:3689:2288_1920x0_80_0_0_c433023ecd1427b783b386c5daec9af6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Мәскеуде халыққа әртүрлі мемлекеттік қызмет көрсететін "Рязаньский" көпфункционалды орталығында қайғылы оқиға болды. Алдын ала мәлімет бойынша екі адам қаза тапқан.Оқ атқан адам ұсталды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол бұрынғы әскери қызметкер Сергей Глазов болып шықты. Трагедиямен аяқталған жанжал "маска ки" деген талаптан басталғаны белгілі болды.Mash Telegram арнасының хабарлауынша, ер адам орталыққа келіп, бірден оқ жаудыра бастаған.Қазіргі уақытта екі адам өлгені белгілі болды: әкімші Владимир Шмелев пен күзетші Алексей Резвлев оққа ұшты.Үш адам жарақат алды, зардап шеккендердің арасында бір бала бар.Оқи отырыңыз: Екеуі полицей – Алматы тұрғыны 5 адамды атып тастады Қанды оқиға кезінде орталық қызметкерлері келушілермен бірге кабинеттерге жасырынған. Куәгерлердің бірінің айтуынша, атыс тоқтаған кезде қызметкерлер мен келушілер ғимараттан шығарылған. Қазіргі уақытта орталық маңы қоршауға алынды, деп жазды Baza Telegram-арнасы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/430/44/4304491_178:0:3511:2500_1920x0_80_0_0_1831e14aa54304e2c386b90e45059c71.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресейде
Мәскеу тұрғыны маска киюді талап еткен екі адамды атып өлтірді
18:53 07.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Алдын ала мәлімет бойынша трагедиямен аяқталған қақтығысқа "маска ки" деген талап себеп болған
НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Мәскеуде халыққа әртүрлі мемлекеттік қызмет көрсететін "Рязаньский" көпфункционалды орталығында қайғылы оқиға болды. Алдын ала мәлімет бойынша екі адам қаза тапқан.
Оқ атқан адам ұсталды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол бұрынғы әскери қызметкер Сергей Глазов болып шықты.
Трагедиямен аяқталған жанжал "маска ки" деген талаптан басталғаны белгілі болды.
Mash Telegram арнасының хабарлауынша, ер адам орталыққа келіп, бірден оқ жаудыра бастаған.
Қазіргі уақытта екі адам өлгені белгілі болды: әкімші Владимир Шмелев пен күзетші Алексей Резвлев оққа ұшты.
Үш адам жарақат алды, зардап шеккендердің арасында бір бала бар.
Қанды оқиға кезінде орталық қызметкерлері келушілермен бірге кабинеттерге жасырынған. Куәгерлердің бірінің айтуынша, атыс тоқтаған кезде қызметкерлер мен келушілер ғимараттан шығарылған. Қазіргі уақытта орталық маңы қоршауға алынды, деп жазды Baza Telegram-арнасы.