Әлем

Болгарияда жол апатынан 46 адам көз жұмды

Жол апатына қатты жауған жаңбыр немесе жүргізушінің ұйықтап кетуі себеп болуы мүмкін
Sputnik

АЛМАТЫ, 23 қараша – Sputnik. Болгарияда автобус жол апатына ұшырап, 46 адам қаза болды, деп хабарлады елдің ішкі істер министрлігі.

РИА Новостидің хабарлауынша, апат жергілікті уақыт бойынша сағат 02.00 шамасында (Нұр-Сұлтан уақытымен 06.00) София – Благоевград тасжолының 31-шақырымында болды.

52 адам мінген македониялық автобус кеше кешке Болгария шекарасынан өткен.

​Апатқа қатты жауған жаңбыр немесе жүргізушінің ұйықтап кетуі себеп болуы мүмкін.

Бұған дейін апаттан 45 адам қайтыс болғаны хабарланды. Қайтыс болғандардың арасында көлік жүргізушісі де бар. Ол кезде 7 адам аман қалғаны, арасында екі әйел, бес ер адам болғаны айтылды. Олар ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Оқи отырыңыз: