НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik.Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бір күнде облыс аумағында үш елді мекенде өрт шықты.
Бірінші оқиға Риддер қаласы маңындағы Бутаково ауылында болды. Жалындап жанып жатқан үйге жеткен өрт сөндірушілер ол жерден 85 жастағы қарттың мәйітін тапты.
Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына пешті қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау себеп болған.
Шемонаиха қаласында болған өрттің салдарынан да қарт адам көз жұмды. Электр пешімен үйді жылытпақ болған 84 жастағы тұрғын оны ағаш үстелге қойған. Салдарынан өрт шығып, үй иесі көз жұмды.
Тағы бір қайғылы жағдай Ұлан ауданында болды. 33 жастағы ер адам өрт шыққан үйде мерт болды.