Өңірлер

Шығыс Қазақстанда бір тәулікте үш адам тілсіз жаудың құрбанына айналды – видео

© Sputnik / СтрингерЧастный дом горит в мкр. "Дубок"
Частный дом горит в мкр. Дубок - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2021
Жазылу
Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына пешті қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау себеп болған

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik.Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бір күнде облыс аумағында үш елді мекенде өрт шықты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shygys Qazaqstan oblysynyn TJD (@shygysqaz_tjd)

Бірінші оқиға Риддер қаласы маңындағы Бутаково ауылында болды. Жалындап жанып жатқан үйге жеткен өрт сөндірушілер ол жерден 85 жастағы қарттың мәйітін тапты.

Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына пешті қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау себеп болған.

Шемонаиха қаласында болған өрттің салдарынан да қарт адам көз жұмды. Электр пешімен үйді жылытпақ болған 84 жастағы тұрғын оны ағаш үстелге қойған. Салдарынан өрт шығып, үй иесі көз жұмды.

Тағы бір қайғылы жағдай Ұлан ауданында болды. 33 жастағы ер адам өрт шыққан үйде мерт болды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0