Оқиға

Полицейлер мас жүргізушіні қуып жүріп ұстады – оқиғаның видеосы жарияланды

Мас жүргізуші "Lexus ES" маркалы көлікпен жолдың қарсы бетіне шығып, жол ережесін өрескел бұзған. Содан кейін полициядан қашып кетпек болған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Түркістан облысында мас жүргізуші ұсталды. Ол полициядан қашып, қызметтік көлікті соққан, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Ресми мәліметке сәйкес, әлеуметтік желіде тараған видео Сайрам ауданында түсірілген. 12 қараша күні аудан тұрғыны "Lexus ES" маркалы көлікпен жолдың қарсы бетіне шығып, жол ережесін өрескел бұзған. Содан кейін полициядан қашып кетпек болған.

"Тәртіп бұзушы Сайрам аудандық полиция бөлімінің "Kia Cerato" маркалы қызметтік автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ, автокөліктерге материалдық шығын келді", - дейді полицейлер.

Сараптама кезінде "Lexus" жүргізушісінің мас болып рөлге отырғаны анықталды. Оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бірдей бабы бойынша айыппұл салынды. Онда 40 айлық есептік көрсеткіш (116 680 теңге) көлемінде айыппұл салу, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз: