Қоғам

Нұр-Сұлтанда полициядан қашқан КамАЗ жүргізушісі қала шетінде ұсталды – видео  

© Sputnik / Елена БережнаяПолицейский и врач общаются с водителем грузовика у блокпоста
Полицейский и врач общаются с водителем грузовика у блокпоста  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәртіп бұзушыға 100 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы немесе бес тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін, КамАЗ коммуналдық автотұраққа қойылды

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтанда полицейлер КамАЗ жүргізушісін рөлде телефонмен сөйлескені үшін тоқтатты. Тәртіп сақшылары құжат сұраған кезде жүргізуші қашып кетпек болған.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 қараша күні сағат 14.20-да Айнакөл көшесінде полиция қызметкерлері телефонмен сөйлесіп бара жатқан "КамАЗ" жүргізушісін байқаған. Тәртіп бұзушы полицейлердің жүргізуші куәлігін тексеруге беру туралы талабын елемей, қашып кетпек болған. Осы кезде көліктің басқышында тұрған полицейлердің бірі онымен бірге кеткен.   

Жүргізуші қала шетінде ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Ол жеке "КамАЗдың" иесі, 32 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.  

Оқи отырыңыз: Алматыда желіні шулатқан үш ер адам ұсталды – видео 

Полиция қызметкерінің талабын орындамағаны, көлік құралын құжатсыз жүргізгені және жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін ер адамға қатысты Әкімшілік кодекстің 667, 612, 613, 596-баптары бойынша іс қозғалды. "КамАЗ" жүк көлігі айып тұрағына қойылды.

Төрт бапты қоса алғанда, заң бұзушыға 100 АЕК-ке (277 800 теңге) дейін айыппұл салынады немесе бес тәулікке қамауға алынуы мүмкін.   

Жаңалықтар
0