НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Қарағанды облысында көлік пен автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Соққы кезінде автобус салонында бес жолаушы болған. Олар зардап шеккен жоқ. Аталған факт полицияда тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.