Қоғам

Назарбаев Дәулет Сембаевтың отбасына көңіл айтты

Елбасы Сембаев білім-білігімен және қажырлы еңбегімен елдің өсіп-өркендеуіне аянбай атсалысып, көптің зор құрметіне бөленгенін атап өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Дәулет Сембаевтың қайтыс болуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Елбасы сайты.

Назарбаев көрнекті қаржыгер Дәулет Сембаевтың өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

Назарбаев Дәулет Сембаевтың отбасына көңіл айтты

"Саналы ғұмырын отандық қаржы саласын дамытуға арнаған Дәулет Хамитұлы тәуелсіз Қазақстанның зейнетақы жүйесін реформалауға, ұлттық валютамыз – теңгенің енгізілуіне елеулі үлес қосқан қайраткер тұлға болатын. Ол көптеген жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Премьер-министрдің бірінші орынбасары, Ұлттық банк төрағасы, парламент сенатының депутаты болды. Білім-білігімен және қажырлы еңбегімен еліміздің өсіп-өркендеуіне аянбай атсалысып, көптің зор құрметіне бөленді", – делінген жеделхатта. 

Елбасы Дәулет Сембаевтың  жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Белгілі қазақстандық қаржыгер, Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Дәулет Сембаев 87 жасына қараған шағында қайтыс болды.

Дәулет Сембаев Ұлттық банкті басқарған жылдары Қазақстанда ұлттық валюта – теңгені енгізді.

Қазақстанда ұлттық валюта күні және қаржыгерлер күні 15 қарашада аталып өтеді.