Қоғам

Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Дәулет Сембаев дүниеден өтті

CC BY-SA 4.0 / Wikipedia / Известный казахстанский финансист Даулет Сембаев скончался на 87-м году жизни
Известный казахстанский финансист Даулет Сембаев скончался на 87-м году жизни - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2021
Жазылу
Дәулет Сембаев Қазақстанда ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясының құрамына кірді. Ұлттық Банк басқарған жылдары Қазақстанда ұлттық валюта – теңгені енгізді

АЛМАТЫ, 15 қараша – Sputnik. Белгілі қазақстандық қаржыгер Дәулет Сембаев 87 жасына қараған шағында қайтыс болды. Қаралы хабарды мәжіліс депутаты Айдос Сарым жеткізді.

"Дәулет Хамитұлы Сембаев дүниеден озыпты... Ғаламат адам, ғаламат азамат еді...", - деп жазды Сарым Facebook парақшасында.

Дәулет Сембаев 1935 жылы 10 тамызда дүниеге келген.

1991-1993 жылдары Қазақстан премьер-министрінің орынбасары және бірінші орынбасары болды.

1993-1996 жылдары Ұлттық банкті басқарды.

1996-1997 жылдары Сенат депутаты болды.

Әр жылдары Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығын басқарды, 2005 жылдан бастап Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің құрметті төрағасы болды.

Дәулет Сембаев Қазақстанда ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясының құрамына кірді, Ұлттық Банк басқарған жылдары Қазақстанда ұлттық валюта – теңгені енгізді.

Қазақстанда ұлттық валюта күні және қаржыгерлер күні 15 қарашада атап өтіледі.

Жаңалықтар
0