НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Ақмола облысында жекеменшік үйде газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан үй иесі көз жұмды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Ресми мәліметке сәйкес, трагедия 7 қарашада Целиноград ауданы Қызылсуат ауылында болған. Жеке тұрғын үй аумағында автономды газбен жылыту жүйесі орнатылған. Үй иесі даладағы газгольдер (газ сақтағыш) құдығын ашқан кезде газ-ауа қоспасы жарылған. Бірақ өрт шықпаған.
"Оқиға орнында 1948 жылы туған үй иесі көз жұмды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - дейді құтқарушылар.
Төтенше жағдайлар департаменті халықты қауіпсіздік шараларын барынша сақтауға үндеді.
Оқи отырыңыз: