Оқиға

Ақтаудағы жарылысқа не себеп болғаны анықталды

© Photo : Instagram/azamat_sarsenbayevВ Актау прогремел взрыв
В Актау прогремел взрыв - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2021
Жазылу
Жарылыс салдарынан екі қабатты ғимарат толығымен қираған, шамамен 11 көлік зақымданған

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті Ақтаудағы жарылыстың алдын ала себебін атады.

 

"Жарылыстың алдын ала себебі – газ-ауа қоспасының шығуы, жарылыс орнынан екі газ баллоны шығарылды, үйінді астында тағы екеуі бар", - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, әлеуметтік желілерде тараған 7 адам қаза болғаны туралы ақпарат жалған.

Алдын ала мәлімет бойынша шамамен 100 шаршы метр аумақ қираған.

"Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар департаментінің 70 қызметкері, 11 бірлік техникасы, полицияның 150 қызметкері мен 20 техникасы, азаматтық қорғау инженерлік қызметтері апаттан құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр" - деді Әбдіқадыров.

Оның айтуынша, жарылыс болған жерде ешкім зардап шекпеген.

"Шерқала" кешені иесінің айтуынша барлық жұмысшы шамамен кешкі сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін ғимараттан шығып кеткен", - деп толықтырды Әбдіқадіров.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жарылыс кезінде шамамен 11 көлік зақымданған. Жол полициясының қызметкерлері арнайы техниканың көмегімен 3 көлікті эвакуациялады. Қалған сегізінің иесін анықтау жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады ТЖД.

7 қарашада кешке екі қабатты "Аянат" дәмханасында жарылыс болып, салдарынан ғимарат толығымен қирап, 10-нан астам көлік зақымданды.

Жаңалықтар
0