Оқиға

Газбен жылыту жүйесі орнатылған коттеджде жарылыс болды – үй иесі көз жұмды

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуДоставка пострадавших в больницу, архивное фото
Доставка пострадавших в больницу, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2021
Жазылу
Жарылыс жеке тұрғын үйдің аумағында газгольдер құдығын ашу кезінде болды

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Ақмола облысында жекеменшік үйде газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан үй иесі көз жұмды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ДЧС Акмолинской области (@aqmola_tjd)

Ресми мәліметке сәйкес, трагедия 7 қарашада Целиноград ауданы Қызылсуат ауылында болған. Жеке тұрғын үй аумағында автономды газбен жылыту жүйесі орнатылған. Үй иесі даладағы газгольдер (газ сақтағыш) құдығын ашқан кезде газ-ауа қоспасы жарылған. Бірақ өрт шықпаған.

"Оқиға орнында 1948 жылы туған үй иесі көз жұмды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - дейді құтқарушылар.

Төтенше жағдайлар департаменті халықты қауіпсіздік шараларын барынша сақтауға үндеді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0