Денсаулық

Өткен тәулікте 25 адам індеттен көз жұмды

Індетке шалдыққандар арасында 155 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша — Sputnik. Өткен тәулікте екі адам коронавирустық пневмониядан, 23 адам коронавирустық инфекциядан көз жұмды. 

5 қарашадағы мәлімет бойынша, 42 630 адам коронавирус инфекциясынан (37 137 коронавирустан және 5 493 пневмониядан) емделуде, олардың ішінде 7 648 пациент стационарда, 34 982 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандардың арасында:

  • 538 адамның жағдайы ауыр,
  • 155 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 99 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Вакцина алмағандар жұмыс күндері де сауда орталықтарына кіре алмауы мүмкін

Дәрігер коронавирус репродуктивті жүйеге қалай әсер ететінін айтты