НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша — Sputnik. Өткен тәулікте екі адам коронавирустық пневмониядан, 23 адам коронавирустық инфекциядан көз жұмды.
5 қарашадағы мәлімет бойынша, 42 630 адам коронавирус инфекциясынан (37 137 коронавирустан және 5 493 пневмониядан) емделуде, олардың ішінде 7 648 пациент стационарда, 34 982 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандардың арасында:
- 538 адамның жағдайы ауыр,
- 155 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 99 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Оқи отырыңыз:
Вакцина алмағандар жұмыс күндері де сауда орталықтарына кіре алмауы мүмкін
Дәрігер коронавирус репродуктивті жүйеге қалай әсер ететінін айтты