НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Коронавируспен ауырғаннан кейін репродуктивті қызмет жұмысында проблема туындауы мүмкін. Ал COVID-19-ға қарсы вакцина алғаннан кейін өмірге дені сау бала алып келу мүмкіндігі едәуір артады. Бұл туралы Роспотребнадзорға қарасты Эпидемиология орталық ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Александр Горелов айтып берді.
"Вирусты табиғи жолмен жұқтырғаннан кейін репродуктивті саламен байланысты проблема туындауы мүмкін. Ал вакциналау кезінде антиденелер түзіліп, өмірге дені сау бала алып келу мүмкіндігі едәуір артады", - деп РИА Новости Горолевтың сөзінен үзінді келтірді.
Сарапшының айтуынша, кез келген вакцинаның қауіпсіздігі халықаралық хаттамаларға сәйкес алдымен жануарларға, содан кейін ерікті адамдарға сыналады.
Ал жағымсыз жанама әсері туралы қорытынды мәлімет клиникалық сынақтың үшінші кезеңінде толығымен қалыптасады.
Оқи отырыңыз:
- Вакцинаны қайта салу кезінде нені ескеру керек
- "Тоқтата алмаймыз": ДДСҰ басшысы жаңа вирустың пайда болатынын ескертті
- Қытайдың бір қаласында вирус тағы өршіді