Әлем

Жақын арада бірнеше мемлекет Жер бетінен жоғалып кетуі мүмкін

Теңіз деңгейінің көтерілуі мен тропикалық дауылдардың күшеюі халықтың өмірі мен ауыл шаруашылығына қауіп төндіреді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Жаһандық жылыну салдарынан мұздың еруі мен теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бірнеше арал мемлекеті жойылып кетуі мүмкін. Бұл туралы Express газеті жазды.

Климаттың өзгеруінен зардап шегетін аумақтарға Кирибати, Тувалу және Маршалл аралдары жатады.

Кирибатидегі Climate Action Network экологиялық үкіметтік емес ұйымдардың жаһандық желісінің үйлестірушісі Пелениза Алофа Глазгодағы БҰҰ саммиті – арал мемлекеті үшін өмірлік маңызы бар оқиға екенін мәлімдеді. Ол теңіз деңгейінің көтерілуі мен тропикалық дауылдардың күшеюі өңір халқының өмірі мен ауыл шаруашылығына қауіп төндіретінін еске салды.

"Бұл жерде біржолғы оқиғалар туралы сөз болып отырған жоқ. Әңгіме біздің үйлерімізді толығымен жұтып құю қаупін төндіретін табиғи құбылыс жайлы", - деді Алофа.

Басылым ақпаратынша, Кирибатидің бұрынғы президенті Аноте Тонг Глазгодағы саммитте климаттың өзгеруі оның еліне қандай қауіп-қатер әкелетінін айтты. Сондай-ақ ол Австралияның бұл саладағы саясатын сынға алды, делінген мақалада.

Ғалымдар жаһандық жылынудың теріс салдарын барынша азайту үшін жер бетіндегі температураның көтерілуін 1,5-2 градус шегінде шектеу қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Бұл үшін 190-нан астам мемлекет 2015 жылы Париж келісіміне қол қойды. Онда аталған мақсатқа қол жеткізу үшін нақты іс-қимыл жоспары қарастырылған. Құжат қазба отыннан толық бас тартуды көздемейді, бірақ елдер парниктік газдар шығарындыларын азайту және жаңартылатын энергия көздеріне көшу шараларын қабылдауға тиіс.

Оқи отырыңыз: