НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз – Sputnik. Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) мамандары Тохо университетінде жұмыс істейтін жапон ғалымдарымен бірге ақырзаманның нақты датасын анықтады, деп хабарлады Sputnik радиосы.
Зерттеу нәтижесі Nature Geoscience ғылыми журналында жарияланды. Онда күн радиациясы миллиард жылдан кейін Жердің атмосферасын толығымен жоятыны жайлы айтылады, яғни ғалымдар 1 000 002 021 жылы ақырзаман болады деп болжаған.
Оқи отырыңыз: Ғасыр соңына қарай Қытайдың солтүстігінде халық жаппай қырылуы мүмкін
Ғалымдар зерттеудің дәлдігіне көз жеткізу үшін жерде қай кезде тіршілік жойылатынын кем дегенде 400 мың рет есептеген. Айтуларынша, ақырзаманға атмосферадағы барлық оттегінің буланып кетуі себеп болады.