Видео

40 жыл бұрын су астында қалған ауыл қайтадан "қалқып бетке шықты" – видео   

Жазылу
1985 жылы бөгет салу кезінде су басқан ауыл қайтадан су астынан көрінді. Неге бұлай болғанын видеодан көріңіз

Су басқан Ирак ауылы жер бетінде қайтадан пайда болды.

Бір кездері оны Духок деп аталатын жергілікті бөгеттің құрылысы кезінде су басқан, ал енді 36 жылдан кейін судан мектеп ғимараты мен жағалаудан ғимаратқа апаратын шағын қайраң "қалқып бетке шықты".   

Видеодан "қалқып шыққан" ғимараттың қабырғаларына жабысқан ұлу қабыршақтары анық көрінеді.

Духок бөгеті жақын маңдағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін 1988 жылы пайдалануға берілді.

Дегенмен биыл бөгет маңындағы су қоймасы тартылып, су деңгейі айтарлықтай төмендегені байқалады.

Бұл су басқан ауылдың қайтадан құрлыққа "оралуына" себеп болды.

Таңғажайып кадрларды видеодан көріңіз.

Жаңалықтар
0