Қоғам

Sputnik Қазақстан үміткердің біріне "Қазақстан аруы" байқауына оралуға мүмкіндік берді

Жобаның тарихында алғаш рет аймақтық байқауда іріктеуден өтпеген үміткердің бірі "Қазақстан аруы 2021" байқауының ресми қатысушысы атана алады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik.Sputnik Қазақстан халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы қатысушылардың біріне "Мисс Қазақстан 2021" байқауына оралуға мүмкіндік береді.

Жобаның тарихында алғаш рет аймақтық байқауда іріктеуден өтпеген үміткердің бірі "Қазақстан ару 2021" байқауының ресми қатысушысы атана алады.

Байқауға оралу үшін қатысушы "Таланттар шоуы" номинациясында жеңіске жетуге тиіс.

"Таланттар шоуы" номинациясына Қазақстанның он аймағынан қатысып, финалға өтпеген үміткерлердің шығармашылық жұмысы ұсынылды.

"Әлем аруына" қатысқан қазақ қызы өзін экс-әкімнің немересі дегендерге жауап берді

Жеңімпазды "Қазақстан аруы" байқауының ресми серіктесі Sputnik Қазақстан анықтайтын болады.

Ең үздік шығармашылық нөмірді таңдау редакциялық дауыс беру арқылы жүзеге асырылады.

"Таланттар шоуының" жеңімпазына кәсіби сахнада өнер көрсету, үздік хореограф, режиссерлермен жұмыс істеп, финалдық іріктеуге қатысу мүмкіндігі беріледі. Бұл номинация талантты үміткерлердің карьерасындағы маңызды кезең.

Шығармашылық байқаудағы жеңіс "Қазақстан аруы 2021" байқауына тең дәрежеде қатысып, жеңіске жеткен жағдайда ел намысын халықаралық байқауда қорғауға мүмкіндік береді.

"Ғалам аруында" бақ сынаған сұлулар ұлттық киіммен сахнаға шықты – фото

Екінші мүмкіндіктің кімге берілгенін Sputnik Қазақстан жуықта хабарлайтын болады. Жаңалықты жіберіп алмаңыз.

"Қазақстан аруы 2021" байқауының аймақтық іріктеуі биыл алғаш рет онлайн форматта өтті.

Қазылар алқасы әр қаладан қатысушы үміткерлердің анкетасын, фото және видеоларын қарап, қыздармен Zoom-конференция арқылы байланыс орнатты.

Көрермендер алғаш рет қазылар алқасы мен қатысушылардың әңгімесін интернет арқылы тамашалай алды.