23:27 12 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.15
  • EUR519.12
  • RUB5.96
  • Камилла Серикбай
  • Мисс Непал Аншика Шарма.
  • Мисс США Ася Бранч
© AFP 2021 / RODRIGO VARELA
Байқауға Қазақстан атынан қатысқан Камилла Серікбай әлем байқауының подиумына "Күнкей" сән үйінің дизайнері Сабина Наурызалина дайындаған ұлттық костюмді киіп шықты.

Ұлттық костюмдерді көрсету "Ғалам аруы" байқауының ең әсерлі сәттерінің бірі саналады. Сондықтан сұлулық жарысына қатысушылар осы киім үлгісі арқылы өз ұлтының құндылығын астарлап жеткізуге тырысты

Сап-сары күнбағыс, гүлдеген шие, әсем орхидея. Теңіз, күн және Диего Марадона. Осы атрибуттың барлығы байқауға қатысқан арулардың костюмдерінде көрініс тапты.

Байқауда Қазақстан намысын қорғаған қызылордалық Камилла Серікбай әлем байқауының сахнасына "Күнкей" сән үйінің дизайнері Сабина Наурызалинаның авторлық жұмысы – ұлттық нақыштағы киім мен сәукелені киіп шықты.

Ал басқа қатысушылар өз костюмдерін әзірлеу барысында "ұлттық" ұғымынан біршама ауытқып, фантазияға басымдық бергені анық байқалады. Ұлттық киімді дайындаған дизайнерлер өз елдеріндегі бар жақсыны айшықтайтын детальдерді шет қалдырмауға тырысқан.

Мысалы, Панама өкілі сахнаға арқа тұсына бекітілген алып зәкір штурвалымен шықса, Непалдан келген қатысушы альпинистерге арналған комбинезон және айрықша стильдегі бетпердемен шықты. 

Бұл байқау да қолайсыз жағдайсыз өтпеді. Кейбір мәлімет бойынша Украинадан келген арудың костюмі белорус суретшісі қолынан шыққан туындының плагиаты екені белгілі болды. Ал америкалық арудың костюмі 2018 жылы "Ғалам аруы" байқауына қатысқан қазақстандық Сабина Әзімбаеваның киім үлгісіне қатты ұқсас болды.

Кілт сөздер:
фото, сұлулық байқауы
Загрузка...

Басты тақырып