НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. "Әлем аруы" сұлулық байқауында Қазақстан намысын қорғаған Камилла Серікбай өзінің Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Серікбай Нұрғисаевтың туысы екенін жоққа шығарды.
Жуырда Telegram-пабликтердің бірі "Қызылорда аруы" атанып, кейін "Әлем аруы" байқауына кеткен Камилла 1999-2004 жылдары Қызылорда облысын басқарған Серікбай Нұрғисаевтың немересі деген пост жариялады.
Автор ару өңірлік байқауда шенеуніктің туысы болғаны үшін жеңіске жеткен болуы мүмкін деп топшылады.
Алайда қыз Қызылорда облысының бұрынғы әкімінің немересі және жоғары шенді шенеуніктің қызы деген қауесет шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Бұл ақпаратты растап алу үшін БАҚ менімен байланысқан жоқ. Бұл кәсібилікке жатпайды деп есептеймін. Мен және менің отбасымның Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлымен ешқандай байланысы да, таныстығы да жоқ", - деп жазды ол Instagram-да.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Камилла мамырдың басында АҚШ-тың Флорида штатында өткен "Әлем аруы" байқауына қатысты.
Өкінішке қарай, қазақ аруы үздік финалистердің ондығына кіре алмады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстандық бойжеткен сахнада ұлттық киіммен және кешкі көйлекпен жүріп өтті. Сонымен қатар шомылу киімі байқауына да қатысты.
Камилла Серікбай студент, жасы 18-де. Бірнеше тіл біледі, каратэмен айналысады.
Биыл "Әлем аруы" атағы Мексикадан қатысқан Андреа Мезаға бұйырды.