Денсаулық

Індет тағы 30 қазақстандықтың өмірін жалмады

Коронавирусқа шалдыққандар арасында 101 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан — Sputnik. Өткен тәулікте 30 адам коронавирустан көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Оның ішінде 4 адам пневмониядан, 26 адам коронавирустық инфекциядан қайтыс болған. 

27 қазандағы мәлімет бойынша, 49 938 адам коронавирус инфекциясынан (43 988 коронавирустан және 5 950 пневмониядан) емделуде, олардың ішінде 8 584 пациент стационарда, 41 354 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандардың арасында:

  • 628 адамның жағдайы ауыр,
  • 130 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 101 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Қытайда балаларға үш жастан бастап вакцина салынатын болды

Коронавирусқа қарсы ақылы вакцина қанша теңге тұрады – Цой жауап берді

Көрші елдерде індет қайта өршіді: Мамин тапсырма берді