НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан — Sputnik. Өткен тәулікте 30 адам коронавирустан көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Оның ішінде 4 адам пневмониядан, 26 адам коронавирустық инфекциядан қайтыс болған.
27 қазандағы мәлімет бойынша, 49 938 адам коронавирус инфекциясынан (43 988 коронавирустан және 5 950 пневмониядан) емделуде, олардың ішінде 8 584 пациент стационарда, 41 354 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандардың арасында:
- 628 адамның жағдайы ауыр,
- 130 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 101 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Оқи отырыңыз:
Қытайда балаларға үш жастан бастап вакцина салынатын болды
Коронавирусқа қарсы ақылы вакцина қанша теңге тұрады – Цой жауап берді