Әлем

Әлемдегі ең биік шолу дөңгелегі ашылды – видео

Оған "Айн Дубай" - "Дубайдың көзі" деген атау берілді. Мұнда тамаққа тапсырыс беру қызметі де қарастырылған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Дубай қаласында әлемдегі ең биік шолу дөңгелегі ашылды. Аттракционның биіктігі – 250 метр, деп хабарлайды Euronews порталы.

Әлемдегі ең биік шолу дөңгелегі жасанды аралда орналасқан. Оған "Айн Дубай" - "Дубайдың көзі" деген атау берілді.

Аттракционда 48 кабина бар. Кейбір кабиналардың ішіне бар орналасқан. Тамаққа тапсырыс беру қызметі де қарастырылған. Дөңгелекке бір уақытта 1 7502 адам отыра алады.

Бір айналымға 38 минут кетеді.

Оқи отырыңыз: 

Әлемдегі ең биік ғимаратты найзағай соқты – видео

Дубайдағы ЭКСПО: Қазақстан мен өзге елдердің павильондары – фото