Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Дубайдағы ЭКСПО: Қазақстан мен өзге елдердің павильондары – фото

Жазылу
Дубайдағы ЭКСПО дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан павильонына сүйсінгендер мен таңғалғандар көп, себебі кең даланың еркіндігін паш ететін отандық павильонның архитектурасы да ерекше

Дубай Қазақстан астанасынан ЭКСПО дүниежүзілік көрмесін өткізу эстафетасын қабылдады. Сондықтан көрме ашылған күні Дубай әміршісі, Біріркен Араб Әмірліктері премьер-министрі, вице-президенті Ұлы Мұхаммед ибн Рашид әл-Мактум мен көрменің бас директоры Рим әл-Хашими республика павильонын тамашалады.

Көрмеге қатысушы 192 мемлекеттің әрқайсысының өз павильоны жасақталған. Қазақстан павильонына келсек, "Мүмкіндіктер" деген атаумен таныстырылған бұл павильон үш қабаттағы үш түрлі экспозициялық алаңнан тұрады. Ол БАӘ, АҚШ, Швейцария, Австрия, Сауд Арабиясы Корольдігі, ҚХР, Жапония, Үндістан мен Беларусь Республикасы павильондарының жанына жайғасқан.

Көрме ашылған күннен бері оның аумағында көптеген іс-шара өтті. Айталық, Қазақстан Kazakhstan Green Day деген бірыңғай атау аясында бірнеше іскерлік кездесу ұйымдастырды. Қазақстан, Еуропа мен Азиядан келген сарапшылар тұрақты даму келешегі, биотүрлілікті сақтау және "жасыл" технологияларды енгізу жайын талқылады.

Қазақстан ЭКСПО аясында жоспарлаған іс-шаралар қатарында қазақстандық виртуоз скрипкашы және дирижер Марат Бисенғалиев таныстыратын Mission to Mars симфониясының премьерасы бар.

Павильонның экспозициялық контенті қарқынды даму, мәдени алуан түрлілік, адам және табиғи ресурстар, оның туристік, технологиялық және инвестициялық мүмкіндіктері туралы баяндайды.

Қазақстан ЭКСПО көрмесіне 1998 жылдан бері қатысып келеді. Көрме ұйыдастырушылары атынан отандық павильондар бірнеше рет арнайы марапат та алған.

Дүниежүзілік әмбебап көрмелер 1851 жылдан бері өткізіліп келеді және олар жаңа жетістіктер мен технологияларды таныстыруға арналған ең ауқымды әлемдік алаңға айналды. "ЭКСПО-2020" Дүниежүзілік көрмесі 2021 жылдың 1 қазаны мен 2022 жылдың 31 наурызы аралығында Дубайда өтіп жатыр. Бұл пандемия басталған шақтан бері жаһандық деңгейде өткізіліп жатқан алғашқы шара болып отыр.

Оқи отырыңыз: Тоқаевтың сөзінен кейін ЭКСПО-ға жұмсалатын қаражат қайта қаралатын болды

 

© Sputnik / Бусажида КасымбековаДубайдағы "ЭКСПО-2020" көрмесінде Қазақстан павильоны айналасындағы басқа алаңдармен мінсіз үйлесім тапты. Оған "Мүмкіндіктер" деген атау берілген.
Павильон Казахстана на Экспо-2021 в Дубае - Sputnik Қазақстан
1/16
Дубайдағы "ЭКСПО-2020" көрмесінде Қазақстан павильоны айналасындағы басқа алаңдармен мінсіз үйлесім тапты. Оған "Мүмкіндіктер" деген атау берілген.
© AP Photo / Jon GambrellДубайдағы "ЭКСПО 2020" Дүниежүзілік көрмесінде акробаттар өнер көрсетті.
Выступление акробатов на Всемирной выставке Expo-2020 в Дубае, ОАЭ - Sputnik Қазақстан
2/16
Дубайдағы "ЭКСПО 2020" Дүниежүзілік көрмесінде акробаттар өнер көрсетті.
© AP Photo / Kamran JebreiliҰлыбритания павильонының қызметкері "ЭКСПО-2020" көрмесіне келушілерді қарсы алып тұр.
Сотрудник британского павильона приветствует посетителей на Всемирной выставке Expo-2020 в Дубае, ОАЭ - Sputnik Қазақстан
3/16
Ұлыбритания павильонының қызметкері "ЭКСПО-2020" көрмесіне келушілерді қарсы алып тұр.
© AP Photo / Kamran JebreiliДубайдағы "ЭКСПО-2020" көрмесі ашылғаннан кейінгі алғашқы күндердің бірінде француздардың салтанатты шарасы өтті. Бұл күнгі француз маршына музыканттар мен бишілер қатысты.
Шествие участников марша во время французского церемониального дня на Всемирной выставке Expo-2020 в Дубае, ОАЭ - Sputnik Қазақстан
4/16
Дубайдағы "ЭКСПО-2020" көрмесі ашылғаннан кейінгі алғашқы күндердің бірінде француздардың салтанатты шарасы өтті. Бұл күнгі француз маршына музыканттар мен бишілер қатысты.
© AFP 2024"ЭКСПО-2020" көрмесіндегі Сауд Арабиясы павильонына келушілер.
Посетители саудовского павильона  на Всемирной выставке Expo-2020 в Дубае, ОАЭ - Sputnik Қазақстан
5/16
"ЭКСПО-2020" көрмесіндегі Сауд Арабиясы павильонына келушілер.
© AP Photo / Jon GambrellДубайдағы "ЭКСПО-2020" көрмесінде бойжеткен роботпен селфиге түсіп тұр.
Девушка снимает селфи с роботом на Всемирной выставке Expo-2020 в Дубае, ОАЭ - Sputnik Қазақстан
6/16
Дубайдағы "ЭКСПО-2020" көрмесінде бойжеткен роботпен селфиге түсіп тұр.
© AP Photo / Jon GambrellДубайдағы "ЭКСПО-2020" көрмесінде биік таяқша арқылы жүретін акробат өнер көрсетіп жатыр.
Акробат на ходулях выступает на Всемирной выставке Expo-2020 в Дубае, ОАЭ - Sputnik Қазақстан
7/16
Дубайдағы "ЭКСПО-2020" көрмесінде биік таяқша арқылы жүретін акробат өнер көрсетіп жатыр.
© AFP 2024 / Giuseppe CacaceАдамдар "ЭКСПО-2020" көрмесіндегі Германия ұлттық павильонының интерьерін қызықтап тұр.
Посетители немецкого павильона на Всемирной выставке Expo-2020 в Дубае, ОАЭ - Sputnik Қазақстан
8/16
Адамдар "ЭКСПО-2020" көрмесіндегі Германия ұлттық павильонының интерьерін қызықтап тұр.
© AP Photo / Jon GambrellДубайда өтіп жатқан "ЭКСПО-2020" көрмесіне келушілер Сауд Арабиясының павильонында қызыл құмға аяқ баса алады.
Мужчины смотрят экспозицию в павильоне Саудовской Аравии на Всемирной выставке Expo-2020 в Дубае, ОАЭ - Sputnik Қазақстан
9/16
Дубайда өтіп жатқан "ЭКСПО-2020" көрмесіне келушілер Сауд Арабиясының павильонында қызыл құмға аяқ баса алады.
© AP Photo / Jon Gambrell"ЭКСПО-2020" көрмесін өткізіп жатқан ел – Біріккен Араб Әмірліктерінің павильоны.
Павильон Объединенных Арабских Эмиратов на Всемирной выставке Expo-2020 в Дубае, ОАЭ - Sputnik Қазақстан
10/16
"ЭКСПО-2020" көрмесін өткізіп жатқан ел – Біріккен Араб Әмірліктерінің павильоны.
© AP Photo / Kamran JebreiliҚонақтар Жапония павилонындағы экспозицияларды тамашалап тұр.
Выставка в Японском павильоне на Всемирной выставка Expo-2020 в Дубае, ОАЭ - Sputnik Қазақстан
11/16
Қонақтар Жапония павилонындағы экспозицияларды тамашалап тұр.
© AFP 2024Марокко павильонындағы вестибюль көшпенділердің саятшылыққа арналған шатырына ұқсайды - ұлттық нақыштағы кілемшелер төселген.
Интерьер марокканского павильона на Всемирной выставке Expo-2020 в Дубае, ОАЭ - Sputnik Қазақстан
12/16
Марокко павильонындағы вестибюль көшпенділердің саятшылыққа арналған шатырына ұқсайды - ұлттық нақыштағы кілемшелер төселген.
© AFP 2024Дубайдағы "ЭКСПО-2020" көрмесінде волонтерлер Сьерра-Леон павильонының жанынан өтіп бара жатыр.
Всемирная выставка Expo-2020 в Дубае, ОАЭ - Sputnik Қазақстан
13/16
Дубайдағы "ЭКСПО-2020" көрмесінде волонтерлер Сьерра-Леон павильонының жанынан өтіп бара жатыр.
© AP Photo / Jon GambrellДубайдағы "ЭКСПО-2020" көрмесі аумағындағы шыныға ұқсас фонтан.
Всемирная выставка Expo-2020 в Дубае, ОАЭ - Sputnik Қазақстан
14/16
Дубайдағы "ЭКСПО-2020" көрмесі аумағындағы шыныға ұқсас фонтан.
© AFP 2024Дубайдағы "ЭКСПО-2020" көрмесі аумағында тұрғызылған "қолшатырлар" астында кетіп бара жатқан адам. Павильондар арасындағы кеңістікке күннен көлегейлейтін түрлі конструкциялар – матадан тігілген пердеден бастап күн батареясы бар "қолшатырлар" орналастырылған.
Всемирная выставка Expo-2020 в Дубае, ОАЭ - Sputnik Қазақстан
15/16
Дубайдағы "ЭКСПО-2020" көрмесі аумағында тұрғызылған "қолшатырлар" астында кетіп бара жатқан адам. Павильондар арасындағы кеңістікке күннен көлегейлейтін түрлі конструкциялар – матадан тігілген пердеден бастап күн батареясы бар "қолшатырлар" орналастырылған.
© Sputnik / Бусажида КасымбековаКөрмеге келушілердің айтуынша, Дубайдағы "ЭКСПО-2020" көрмесіндегі Қазақстан павильонынан "даланың иісі аңқиды". Павильонның шағын көлеміне қарамастан, мұнда әрбір көрермен иен даланың еркіндігін сезіне алады.
В павильоне Казахстана на Экспо-2021 в Дубае  - Sputnik Қазақстан
16/16
Көрмеге келушілердің айтуынша, Дубайдағы "ЭКСПО-2020" көрмесіндегі Қазақстан павильонынан "даланың иісі аңқиды". Павильонның шағын көлеміне қарамастан, мұнда әрбір көрермен иен даланың еркіндігін сезіне алады.
Жаңалықтар
0