Дубай Қазақстан астанасынан ЭКСПО дүниежүзілік көрмесін өткізу эстафетасын қабылдады. Сондықтан көрме ашылған күні Дубай әміршісі, Біріркен Араб Әмірліктері премьер-министрі, вице-президенті Ұлы Мұхаммед ибн Рашид әл-Мактум мен көрменің бас директоры Рим әл-Хашими республика павильонын тамашалады.
Көрмеге қатысушы 192 мемлекеттің әрқайсысының өз павильоны жасақталған. Қазақстан павильонына келсек, "Мүмкіндіктер" деген атаумен таныстырылған бұл павильон үш қабаттағы үш түрлі экспозициялық алаңнан тұрады. Ол БАӘ, АҚШ, Швейцария, Австрия, Сауд Арабиясы Корольдігі, ҚХР, Жапония, Үндістан мен Беларусь Республикасы павильондарының жанына жайғасқан.
Көрме ашылған күннен бері оның аумағында көптеген іс-шара өтті. Айталық, Қазақстан Kazakhstan Green Day деген бірыңғай атау аясында бірнеше іскерлік кездесу ұйымдастырды. Қазақстан, Еуропа мен Азиядан келген сарапшылар тұрақты даму келешегі, биотүрлілікті сақтау және "жасыл" технологияларды енгізу жайын талқылады.
Қазақстан ЭКСПО аясында жоспарлаған іс-шаралар қатарында қазақстандық виртуоз скрипкашы және дирижер Марат Бисенғалиев таныстыратын Mission to Mars симфониясының премьерасы бар.
View this post on Instagram
Павильонның экспозициялық контенті қарқынды даму, мәдени алуан түрлілік, адам және табиғи ресурстар, оның туристік, технологиялық және инвестициялық мүмкіндіктері туралы баяндайды.
Қазақстан ЭКСПО көрмесіне 1998 жылдан бері қатысып келеді. Көрме ұйыдастырушылары атынан отандық павильондар бірнеше рет арнайы марапат та алған.
Дүниежүзілік әмбебап көрмелер 1851 жылдан бері өткізіліп келеді және олар жаңа жетістіктер мен технологияларды таныстыруға арналған ең ауқымды әлемдік алаңға айналды. "ЭКСПО-2020" Дүниежүзілік көрмесі 2021 жылдың 1 қазаны мен 2022 жылдың 31 наурызы аралығында Дубайда өтіп жатыр. Бұл пандемия басталған шақтан бері жаһандық деңгейде өткізіліп жатқан алғашқы шара болып отыр.
Оқи отырыңыз: Тоқаевтың сөзінен кейін ЭКСПО-ға жұмсалатын қаражат қайта қаралатын болды