НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Орал-Атырау тас жолында көлік апаты болып, екі адам көз жұмып, тағы екеуі жарақат алды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан полиция департаментінің баспасөз қызметі.
24 қазанда күні сағат 20:00 шамасында Орал-Атырау автожолының 209-шы шақырымында, Ақжайық ауданының Ақсуат кентінен 10 шақырым жерде Лада Vesta және Лада Priora автокөліктері соқтығысты.
Соқтығысқаннан кейін екі автокөлік өртенген.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Лада Веста көлігінің екі жолаушысы Ақжайық ауданының ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізілді. Оқиға орнында полиция және төтенше жағдайлар қызметкерлері жұмыс істеп, Лада-Приор автокөлігін сөндіргеннен кейін салоннан қаза тапқан екі жолаушының денелерін алып шықты", - делінген хабарламада.
Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқи отырыңыз:
- Ақтөбе облысында көлік ішінде ойнаған балалардың екеуі де қайтыс болды
- Шығыс Қазақстан облысында өртенген жүк көлігінен екі адамның мәйіті табылды