Оқиға

Батыс Қазақстанда екі адам көлікпен бірге өртеніп кетті

© Photo : pixabay.comөртенген көлік, архив сурет
өртенген көлік, архив сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2021
Жазылу
Осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Орал-Атырау тас жолында көлік апаты болып, екі адам көз жұмып, тағы екеуі жарақат алды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от PoliceWestKaz🇰🇿 (@policebqo)

24 қазанда күні сағат 20:00 шамасында Орал-Атырау автожолының 209-шы шақырымында, Ақжайық ауданының Ақсуат кентінен 10 шақырым жерде Лада Vesta және Лада Priora автокөліктері соқтығысты.

Соқтығысқаннан кейін екі автокөлік өртенген.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Лада Веста көлігінің екі жолаушысы Ақжайық ауданының ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізілді. Оқиға орнында полиция және төтенше жағдайлар қызметкерлері жұмыс істеп, Лада-Приор автокөлігін сөндіргеннен кейін салоннан қаза тапқан екі жолаушының денелерін алып шықты", - делінген хабарламада.

Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0