Оқиға

Шығыс Қазақстан облысында өртенген жүк көлігінен екі адамның мәйіті табылды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоГорящий транспорт, иллюстративное фото
Горящий транспорт, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2021
Жазылу
Өскемен - Алтай тас жолының 25-шақырымында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан көлік өртеніп кетті

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Өскемен-Алтай тас жолында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады құтқарушылар.

Volvo автокөлігі белгісіз себептерге байланысты аударылып қалған. Осыдан кейін автокөлік өртене бастаған.

© Photo : ДЧС ВКОЖүк көлігі өртеніп кетті
Шығыс Қазақстан облысында өртенген жүк көлігінен екі адамның мәйіті табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2021
Жүк көлігі өртеніп кетті

Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп, өртті сөндірді.

Оқи отырыңыз: Ақтауда көшенің қақ ортасында көлік жарылды – видео

Өртті сөндіру кезінде екі адамның мәйіті табылды, олардың кім екендігі анықталуда. Сот-медициналық сараптама жүргізіледі.

Жаңалықтар
0