22:31 05 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.02
  • EUR502.76
  • RUB5.82
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1364 0 0

Алдымен жолдың ортасындағы көлік жана бастаған, содан кейін газ баллоны жарылған

АЛМАТЫ, 13 сәуір – Sputnik. Ақтау көшелерінің бірінде жеңіл көлік жанып кетті. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Жергілікті "Лада" басылымының хабарлауынша, өрт 12 сәуірде №34 шағын ауданында "Аяулы Ана" тұрғын үй кешенінің жанында болған. Алдымен көлік жана бастаған, содан кейін газ баллоны жарылған.

Оқиғаның мән-жайын Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Назарәлі Сәлімов айтып берді. Оның сөзінше, Daewoo Nexia автокөлігінің жанып жатқаны туралы хабар төтенше жағдайлар департаментіне 12 сәуірде сағат 23:28-де түскен.

Ақтауда көшенің қақ ортасында көлік жарылды
© Photo : lada.kz
Ақтауда көшенің қақ ортасында көлік жарылды

Автокөлік жанып, құтқарушылар келгенше сыйымдылығы 65 литр газ баллоны жарылған.

Өрт сағат 23:45-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Кілт сөздер:
Ақтау, видео, көлік
Загрузка...

Басты тақырып