НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Алматы халықаралық әуежайында ұшақ қанатының астында кептеліп қалған көлік оқиғасына қатысты деректер пайда болды.
Ұшақ бортында "Қайрат" футбол командасы мүшелерінің болғаны анықталды.
sports.ru команданың ұшақта болғанын растады.
"Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Команда біраз уақыт ұшақ бортында болды. Одан кейін клубтың базасына кетті. Кешке жексенбі күні өтетін "Қайрат" - "Астана" матчының алдындағы жаттығулар болады", - деп нақтылады баспасөз қызметі.
Футболистер мен жаттықтырушы Бакуден оралған. Ол жерде ойыншылар "Карабах" командасына қарсы Лига конференциясының топтық кезеңінде ойнады.
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желі қолданушылары Алматы халықаралық әуежайында түсірілген видео мен фотоларды бөлісіп жатыр.
Ол жерде әуежай көлігінің ұшақ қанатының астына кіріп, кептеліп қалғаны түсірілген. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатқан болатын.
Instagram желісіндегі kris_p_kz аккаунты жарияланған видеода төтенше жағдай 22 қазан таңертең сағат жетіде болғаны айтылған.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі тексеру аяқталып, факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген соң нақты ақпаратты хабарлайтынын жеткізді.
Оқи отырыңыз:
- "Абыр-сабыр басталып кетті": Стюардесса қалың ұйқыдағы жолаушыларды оятты
- Балқаш маңында ұшақ құлады
- Франкфурттан ұшып келген екі адам Алматы әуежайында ұсталды