Оқиға

Алматыда көлікпен соқтығысқан ұшақ бортында белгілі футбол командасы болған

© Photo : ДП Алматы на транспортеАлматы әуежайында көлік пен ұшақ соқтығысты
Алматы әуежайында көлік пен ұшақ соқтығысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2021
Жазылу
Команда біраз уақыт ұшақ бортында болды. Одан кейін клубтың базасына кетті, деп хабарлады команданың баспасөз қызметі

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Алматы халықаралық әуежайында ұшақ қанатының астында кептеліп қалған көлік оқиғасына қатысты деректер пайда болды.

Ұшақ бортында "Қайрат" футбол командасы мүшелерінің болғаны анықталды.

© Photo : ДП Алматы на транспортеАлматы халықаралық әуежайында ұшақ пен көлік соқтығысты
Алматыда көлікпен соқтығысқан ұшақ бортында белгілі футбол командасы болған - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2021
Алматы халықаралық әуежайында ұшақ пен көлік соқтығысты

sports.ru команданың ұшақта болғанын растады.

"Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Команда біраз уақыт ұшақ бортында болды. Одан кейін клубтың базасына кетті. Кешке жексенбі күні өтетін "Қайрат" - "Астана" матчының алдындағы жаттығулар болады", - деп нақтылады баспасөз қызметі.

Футболистер мен жаттықтырушы Бакуден оралған. Ол жерде ойыншылар "Карабах" командасына қарсы Лига конференциясының топтық кезеңінде ойнады.

© Photo : ДП Алматы на транспортеАлматы халықаралық әуежайында ұшақ қанатының астында көлік кептеліп қалды
Алматыда көлікпен соқтығысқан ұшақ бортында белгілі футбол командасы болған - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2021
Алматы халықаралық әуежайында ұшақ қанатының астында көлік кептеліп қалды

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желі қолданушылары Алматы халықаралық әуежайында түсірілген видео мен фотоларды бөлісіп жатыр.

 Ол жерде әуежай көлігінің ұшақ қанатының астына кіріп, кептеліп қалғаны түсірілген. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатқан болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_kz +21 | 🇰🇿Kz (@kris_p_kz)

Instagram желісіндегі kris_p_kz аккаунты жарияланған видеода төтенше жағдай 22 қазан таңертең сағат жетіде болғаны айтылған.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі тексеру аяқталып, факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген соң нақты ақпаратты хабарлайтынын жеткізді.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0