Оқиға

Франкфурттан ұшып келген екі адам Алматы әуежайында ұсталды

© Photo : Международный аэропорт Алматы/FacebookВ Международном аэропорту Алматы по-прежнему действуют повышенные меры для недопущения распространения коронавируса
В Международном аэропорту Алматы по-прежнему действуют повышенные меры для недопущения распространения коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2021
Жазылу
28 қыркүйекте көлік полицейлері 64 жастағы ер адам мен 43 жастағы әйелді ұстады. Олар Франкфурт-Алматы рейсімен келген

ПАВЛОДАР, 29 қыркүйек – Sputnik. Алматы халықаралық әуежайында тексеріс кезінде оқ табылған Германияның екі азаматы ұсталды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова хабарлады.

28 қыркүйекте көлік полицейлері 64 жастағы ер адам мен 43 жастағы әйелді ұстады. Олар Франкфурт-Алматы рейсімен келген.

Тексеру кезінде 30-06 миллиметр және 300 миллиметр калибрлі патрондар табылды.

Алматы әуежайы полиция желілік бөлімінің қызметкерлері Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 484-бабы 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырды. Бұл бапта азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін жауапкершілік қарастырылған. 

Әрқайсысы 10 айлық есептік көрсеткіш (29 170 теңге) көлеміндегі айыппұл төлейтін болады.

Дәл осы күні Алматы әуежайында 1979 жылы туған Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Ол Нұр-Сұлтанған бет алған ұшақ бортына электрошокермен кірмек болған.

"Қазіргі уақытта бұл құралға сот-электротехникалық сараптама тағайындалды", - деп жазылған департамент ақпаратында.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 482-бабы 1-бөлігіне сәйкес ("жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы") әкімшілік хаттама толтырылды.

Жаңалықтар
0