НҰР-СҰЛТАН - 21 қазан, Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері елде Pfizer препаратымен вакциналау ережесі бекітілген қаулы қабылдады.
Осылайша коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын салдыратындар қатарына мына адамдар кіреді:
- 12 жастағы және одан ересек жасөспірімдер;
- жүкті әйелдер – жүктіліктің 16-37 аптасы аралығында;
- бала емізетін әйелдер – бала туу кезеңі аяқталғаннан кейін (42 күн өткен соң).
Вакциналау жүргізер алдында коронавирусты инфекция жұқтырғанын және коронавирусқа қарсы аниденелер бар-жоғын анықтау жүргізілмейді.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
- "Министрлікте ешкім вакцина алмайды, ол қауіпті": желідегі ақпарат елді дүрліктірді
- "Вакцина алғандар 2 жылдан кейін қайтыс болады": әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарады