Қоғам

Қазақстанда Pfizer вакцинасын алу ережесі бекітілді

© AP Photo / Andreea AlexandruМедсестра держит пузырек с вакциной от коронавируса
Медсестра держит пузырек с вакциной от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2021
Жазылу
Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналар, сондай-ақ 12 жастан асқан жасөспірімдер Pfizer вакцинасын салғыза алады

НҰР-СҰЛТАН - 21 қазан, Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері елде Pfizer препаратымен вакциналау ережесі бекітілген қаулы қабылдады.

Осылайша коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын салдыратындар қатарына мына адамдар кіреді:

  • 12 жастағы және одан ересек жасөспірімдер;
  • жүкті әйелдер – жүктіліктің 16-37 аптасы аралығында;
  • бала емізетін әйелдер – бала туу кезеңі аяқталғаннан кейін (42 күн өткен соң).

Вакциналау жүргізер алдында коронавирусты инфекция жұқтырғанын және коронавирусқа қарсы аниденелер бар-жоғын анықтау жүргізілмейді.

Оқи отырыңыз:

 

Жаңалықтар
0