НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтан полициясы арнайы операция кезінде жасырын құмар ойындарын ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топты ұстады.
Елордалық полиция департаментінің ақпаратынша, қылмыстық топ қала аумағында заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырған.
Топ құрамына бұрын осыған ұқсас қылмыстар үшін сотты болған адамдар кіргені анықталды.
Жедел уәкілдер топтың иерархиясы мен әр қылмыскердің рөлін әшкереледі.
"Біреулері жалған ойыншылар мен дилерге жауап берсе, басқалары таңбаланған карталармен қамтамасыз етіп, орын-жай таңдаған. Ал үшіншісі әлеуетті ойыншылар мен "құрбандарды" іріктеумен айналысқан", - деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД криминалды полиция басқармасының басшысы Дмитрий Демидов.
Полиция күдіктілерді қылмыс үстінде ұстады. Арнайы операция кезекті "ойын" ұйымдастырылған адам саны шектеулі мекемелердің бірінде жүргізілді.
Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстанда қылмыстық топ ұсталды – видео
Тінту барысында қомақты ақша, құмар ойындарына қажетті атрибуттар, соның ішінде арнайы техникалық құралдар тәркіленді.
Қазір ұйымдастырушылар мен қатысушылар уақытша ұстау изоляторында отыр. Тергеу жүріп жатыр.
Оқи отырыңыз: