Фото

"Бату. Тарихи детектив" деректі фильмі қалай түсіріліп жатыр – фото

Sputnik

Фильм "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ қолдауымен Қазақстан Республикасы мəдениет жəне спорт министрлігінің тапсырысы бойынша жарық көрмек.

Фильм авторларының айтуынша, деректі фильмнің түсіру процесі аяқталуға таяды. Соған байланысты режиссер Рашид Нұғманов пен қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов фильм жайлы ақпарат беріп, туындының қалай түсірілгенін айтты.

"Бату. Тарихи детектив" деректі фильмінде Қазақстаннан 9 адам, Ресейден 9 адам спикер болды. Моңғолия мен Украина, Америка, Канада, Франциядан да пікір білдірген кейіпкерлер бар. Олар – зерттеушілер, ғалымдар, тарихшылар, тізімге қарап-ақ олардың мықты маман екенін, тұшымды пікір айтқанын аңғаруға болады. Олар өз өмірінің көп бөлігін Бату хан өмір сүрген кезеңге арнап, көптеген ғылыми еңбектер, монографиялар жазған", - дейді Рашид Нұғманов.

Оның сөзінше, деректі фильм кезінде 25 маманнан сұхбат алынған.

"Мәдениет министрлігі фильмнің ұзақтығы 90 минут болуы керек деп тапсырыс берді. 25 маманның әрқайсынан кемінде бір сағаттан сұхбат алдық. Оның бәрін бір жарым сағатқа сыйдыру мүмкін емес екенін білсек те, түсіріп жатырмыз. Себебі осындай құнды материал негізінде келесі деректі фильмнің сценарийін жаза аламыз. Қазірге дейін 25 көрнекті тарихшыны бір жерге жинай алған басқа фильм көрген емеспін. Бұл – құнды материал. Әрі қарай деректі сериал түсіру жоспары да бар", - дейді Рашид Нұғманов.

Егер деректі сериал түсірілсе, аталған 25 маманның әрқайсысына бір бөлімнен арналады.

Фильмнің қалай түсіріліп жатқанын Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.

Оқи отырыңыз: 

 

 

1 / 10
Шыңғыс ханның немересі, Жошының ұлы Бату хан туралы "Бату. Тарихи детектив" деректі фильмі түсіріліп жатыр.
2 / 10
"Бату. Тарихи детектив" деректі фильмінің режиссері, сценарий авторы және продюсері – Рашид Нұғманов.
3 / 10
Фильм "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ қолдауымен Қазақстан Республикасы мəдениет жəне спорт министрлігінің тапсырысы бойынша жарық көрмек. Алматыда режиссер Рашид Нұғманов, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, тарих ғылымдарының кандидаты Артем Порсин фильмнің қалай түсірілгенін айтты.
4 / 10
Мұрат Әуезов Бату туралы фильмге кейіпкер ретінде қатысуына Шыңғыс хан және оның дәуірі қалай қаланғаны қатты қызықтырғандықтан қосылғанын айтты. Ол Бату өмір сүрген кезеңді Шыңғыс хан мен Жамұқа арасындағы қарым-қатынастан бастайды.
5 / 10
Фильм авторларының айтуынша, деректі фильмнің түсіру процесі аяқталуға таяды. "Бату. Тарихи детектив" деректі фильмінде Қазақстаннан 9, Ресейден 9 адам спикер болды. Моңғолия мен Украина, Америка, Канада, Франциядан да пікір білдіргендер бар.
6 / 10
Зерттеушілер, ғалымдар, тарихшылар Бату кезеңі туралы ақпарат берген. Олардың ішінде Олжас Сүлейменов, Айболат Көшкімбаев, Жақсылық Сәбитов, Марат Сембин, Меруерт Әбусеитова бар.
7 / 10
Деректі фильмнің ұзақтығы - 90 минут. "Бату. Тарихи детектив" деректі фильмінде 25 маман сұхбат берген. Фильм сол мамандардың дерегі негізінде түсірілді.
8 / 10
"Құнды материал негізінде келесі деректі фильмнің сценарийін жаза аламыз. Қазірге дейін 25 көрнекті тарихшыны бір жерге жинай алған басқа фильм көрген емеспін. Бұл – құнды материал. Әрі қарай деректі сериал түсіру жоспары да бар",- дейді Рашид Нұғманов.
9 / 10
Фильмнің бас продюсері - президенттің көмекшісі, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев. Фильм авторлары 2015 жылы осы тақырыпты зерттей бастаған кезде өздеріне мүдделес адамды іздеген. Бірқатар саясаткер, кәсіпкермен кездесуден кейін осы тақырыпқа қызығушылық танытқан Әсет Исекешевке фильм авторлары продюсер болуды ұсынған. Қазір ол түсірілімді жеке бақылап отырады, ресми органдар тарапынан көмек қажет болса, ұйымдастырып береді. Фотода: түсірілім тобының Жошы хан кесенесіне барған сәті.
10 / 10
Фильмде авторлардың жеке көзқарасы берілмейді. Сұрақтарға мамандар жауап береді, түйінді көрермен өзі шығарады. Фильм 2021 жылдың 10 желтоқсанында дайын болады деп жоспарланған.