Өңірлер

Полиция Қарағандыдағы мектепте болған жағдайға қатысты түсініктеме берді

Оқиға Қарағанды полициясы Киров бөлімінде тіркелді. Облыстық білім басқармасы тексеріс жүргізіп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан — Sputnik. Қарағанды облысы полициясы қалалық мектептердің бірінде мұғалім соққыға жығылды деген ақпаратқа түсініктеме берді. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қарағандыда нашар еститін балаларға арналған интернатта болған жағдай туралы мәлімет тарады. Автор мектептің сыртқы есігінен "ваххабит" кіріп, сынып алдында мұғалімді ұрғанын жазған. Педагог ер адамның әйелі екені айтылған. 

Бұл ақпаратты тексеру үшін Қарағанды облысы полиция департаменті жұмыс тобын құрды. Олар оқиға 14 қазан күні №13 мектеп-интернатта болғанын анықтады. 

"Әйел сол мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Оның 25 жастағы күйеуі мектепке келген. Екеуінің арасында жанжал шықты, алайда балалар болмаған. Ер адамның ешбір радикалды діни топқа қатысы жоқ екені анықталды", - деді полицияда. 

Оқиға Қарағанды полициясы Киров бөлімінде тіркелді. Облыстық білім басқармасы тексеріс жүргізіп жатыр. Алдағы уақытта шешім шығарылады. 

Оқи отырыңыз: