Өңірлер

"Өртеп кетемін": Түркістан облысында жаға жыртысқан екі мұғалімнің ісі полицияға түсті

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтумұғалім
мұғалім - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2021
Жазылу
Мектеп директорының айтуынша, орынбасары тарапынан қоқан-лоққы көрдім деген үшінші тұлға бар

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Түркістан облысы Шардара ауданы мектебінде жаға жыртысқан екі мұғалімнің әрекетіне қатысты мектеп директоры түсініктеме берді, деп хабарлады "Астана" арнасы. 

Ұстаздардың жаға жыртысқан сәті әлеуметтік желіде тарады. Өртеп кетемін! Ұлағатты мамандық иелерінің аузынан шыққан сөз осы болатын.

Кадрда бір-біріне өшігіп тұрған екі ұстаз - Түркістан облысы Көксу ауылындағы мектеп-гимназияның оқу ісі жөніндегі орынбасары Райгүл Мұсалиева және ағылшын тілі пәні мұғалімі Сандуғаш Жақыпова.

Мектеп директоры арнаға телефон арқылы берген сұхбатында дау сағатты бөлу кезінде туғанын айтқан. Оның айтуынша, екеуін татуластырмақ болған әрекеті сәтсіз болды.

Қос мұғалім бір-біріне қол көтеруге дейін барған көрінеді. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр.

"Мектебімізге Түркістан облысының бақылау департаменті мамандары келді, тексеріп жатыр. Бұл мәселе мектептің мектепішілік әдеп кеңесінде де қаралды. Бірақ ол жерде тиімді шешім шыққан жоқ. Құқық қорғау органдары тексеріп жатыр, сол кісілердің шешімін күтіп отырмыз. Соттың да шешімін күтеміз", - дейді мектеп директоры Мырзабек Қаныбеков. 

Мектеп директорының айтуынша, орынбасары тарапынан қоқан-лоққы көрдім деген үшінші тұлға бар. Енді бірінің үстінен бірі арыз түсіріп отыр.

Айта кетейік, директордың гимназия сыныптары бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары 41 жаста. Ол бұл лауазымда 2014 жылдан бері отыр.

Ал 38 жастағы ағылшын тілі пәнінің оқытушысы болса, бұл мектепте 18 жылдан бері сабақ беріп келеді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0