Өңірлер

"Топас маймылсыңдар!": эмоцияға ерік берген мұғалім аудиожазбасы тарап кетті

© REUTERS / FAYAZ AZIZУчитель измеряет температуру школьнице
Учитель измеряет температуру школьнице  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2021
Жазылу
Ата-аналар Шахтинск қалалық білім беру басқармасына шағым түсірді. Ал әлеуметтік желіде педагогты қолдаған адамдар табылды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Шахтинск қаласындағы мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі оқушыларға ұрсып, дәлізде бетпердесіз жүргені үшін топас маймылсыңдар деп атады. Білім басқармасы қызметтік тексеріс бастап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Патриот Караганды" паблигінде жарияланған аудиожазбада әйелдің даусы естіледі. Ол балаларға орыс тілінде ұрсып тұр.

"Бүгіннен бастап 9 "б" сыныбы карантинге кетті. Бұдан былай сендердің араларыңда тағы бір маймыл бетпердесіз жүргенін көрсем, шешелерің немесе әкелерің осы жерде тұрып, айыппұл салу туралы түбіртек толтыратын болады. Осындай топас маймылдардың кесірінен сыныптар карантинге кетіп жатыр. Бетперде сәндік әшекей деп ойлайсыңдар ма? Сендерге карантин режимін бұзуға кім рұқсат берді? Барлығы әкімшілік кодексте жазылған! Ковидтің не екенін білмейсіңдер ме? Ауырып шыққан адамдардан сұраңдар! Екі күн ішінде екі сынып карантинге кетті. Мен болсам, бұл маймылдарға бетперденің не екенін және оны дәлізде кию керектігін түсіндіруім керек екен", - дейді педагог.

Осыдан кейін ол ережені мүлдем түсінбейтіндер болса, үйден қолхат әкелуге кеңес берді. Онда ата-ана "менің ұлым немесе қызым топас, мен сияқты ештеңе түсінбейді" деп жазып, қол қоюы қажет.

Аудиожазда ата-аналар чаттарында кеңінен тарап кеткен. Осыдан кейін олар Шахтинск қалалық білім беру басқармасына шағым түсірді. Ал әлеуметтік желіде педагогты қолдаған адамдар табылды.

"Енді оқушыларға түсінікті тілде жеткізген түрі ғой. Мәселе оқу ісінің меңгерушісінде емес, оқушыларда. Олар басқаша түсінбейді. Оқу ісінің меңгерушісі бәрін дұрыс айтты. Бәрімізде балалар мен қариялар бар. Соны ескеру керек", - дейді желі қолданушылары.

Білім беру басқармасы қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді. Мұғалімнің сөзіне де, әрекетіне де құқықтық баға беріледі.

Жаңалықтар
0