Қоғам

Статистика бюросы санақтың "жаңа тәсіліне" қатысты түсініктеме берді

Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері үйге келетін мамандардың киіміне қарап, арнайы куәлігін тексеруге кеңес беріп отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы халық санағы қашықтан өткізіледі деген апаратты жоққа шығарды.  

"Әлеуметтік желіде әлдебір азаматтар халық санағы аясында бейнебайланыс арқылы сауалнама жүргізіліп жатқандығы туралы аудиожазба таратуда. Осыған байланысты 1 мен 30 қазан аралығында интервьюер респондентпен жүзбе-жүз кездесу арқылы жауап алатындығын хабарлаймыз. Қашықтан, яғни телефон, бейнебайланыс, мессенджерлер арқылы сауалнама жүргізу қарастырылмаған", - делінген ақпаратта.

1 қыркүйектен бастап елімізде онлайн санақ басталды. 15 қазанға дейін респонденттер санақ парақтарын sanaq.gov.kz арнайы сайты, E-Gov порталында тіркелу және Aitu мобильді қосымшасын пайдалану арқылы толтыра алады.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші қазаннан ұлттық санақтың офлайн кезеңі басталды. Мамандар онлайн санақтан өтпеген адамдардың үйіне барып, сауалнама парақтарын толтырады.

Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері үйге келетін мамандардың киіміне қарап, арнайы куәлігін тексеруге кеңес беріп отыр. Ал есік ашқысы келмейтін адамдар 15 қазанға дейін онлайн санақтан өте алады, я болмаса арнайы учаскеге барып, бақылаушы мамандардың көмегімен сауалнама парақтарын толтыруға мүмкіндік бар. 

Оқи отырыңыз: 

Санақшылар кейбір үйлерге полициямен бірге барады

Санақ кезінде есікті ашпағандарға қандай шара қолданылады

Халық санағы кезінде қандай сұрақтарға жауап беру керек