Қоғам

Санақшылар кейбір үйлерге полициямен бірге барады

© Sputnik / Абзал КалиевНациональная перепись населения в Казахстане 2021
Национальная перепись населения в Казахстане 2021 - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2021
Жазылу
Интервьюерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін халық санағына полиция қызметкерлері де қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан –  Sputnik. Халық санағын жүргізетін мамандар кейбір үйлерге полициямен бірге барады. Бұл туралы әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Азамат Құрымбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Негізгі мақсат – санақ жүргізетін мамандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңсыз әрекеттердің алдын алу. Бүгінде бірлесіп жұмыс істеу тәртібі бекітілді", - деді Құрымбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, учаскелік инспекторлар қажет болған жағдайда сайжайлар мен жатақханаларға интервьюлермен бірге барады.

"Сондай-ақ санақ жүргізетін мамандар тіркеуде тұрған адамдар мен тұрмысы нашар отбасыларға барғанда полицейлер олардың жанында болады", - деп түсіндірді аға инспектор.

Айта кетері, бүгіннен бастап халық санағы аясында интервьюерлер үй-үйді аралап, онлайн санақтан өтпеген адамдардың сауалнама парақшаларын толтырады. Оған шамамен 20-30 минут кетеді. Дегенмен 15 қазанға дейін онлайн санақтан өтуге болады. Ал интервьюер келгенде SMS-хабарламаны көрсете салу қажет.

Оқи отырыңыз: Санақ кезінде есікті ашпағандарға қандай шара қолданылады 

Ұлттық статистика бюросы интервьюерлердің киіміне және арнайы куәлігіне баса назар аударуға кеңес берді. Олар көк шарф тағып, санақтың эмблемасы бар сөмке ұстайды. Қолында арнайы планшет, ал мойнында ресми куәлік болады. Бейжд-куәлікте сауалнама жүргізетін маманның аты-жөні және құжатты рәсімдеген органның мөрі бар. Адамдар оған да сенбесе, 1446 нөміріне хабарласып, интервьюердің аты-жөнін анықтай алады.

Жаңалықтар
0